Медресеге су тасқынынан зардап шеккен 67 адам орналастырылды
Қазақстанның бірнеше өңірі су тасқынынан зардап шекті, мыңдаған отбасы баспанасыз қалды.Атырау облысынан,Құлсары қаласынан келген 67 азаматқа,оның ішінде 37 бала,27 ана,3 ата Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жанындағы медресеге орналастырылды.
Тасқын судан зардап шеккен тұрғындар жылы орындарға орналастырылып,ыстық тамақ,киім-кешекпен қамтамасыз етілді.Эвакуацияланған жандарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлердің жіті бақылауында.
Көктемгі қарғын су біраз аймақты әбігерге салды.Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды.Тасқыннан зардап шеккен жандарға қол ұшын созу,қиындықта көмектесу барша мұсылманға парыз!