blog Images

Маңғыстаулық қажылар қажылық сапарына аттанды

Ислам дінінің бес парызының бірі,мұсылманның сабыры сыналатын ұлы сапарға ниет еткен Маңғыстаулық қажылардың алғашқы легі 28-ші мамыр күні Ақтау қаласының халықаралық әуежайынан қажылық сапарына аттанды.

Қажыларды ұлы сапарға шығарып салуға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы арнайы барып,Қасиетті сапарға ақ жол тілей отырып, ҚМДБ төрағасы ,бас мүфтидің арнайы құттықтауын жеткізіп және еліміз үшін, күллі мұсылман үшін дұғада болуларын жеткізді.

Алла Тағала барша мұсылман баласына осы игі қажылықты нәсіп етсін! Қажылық сапарға аттанған отандастарымыздың қажылығы мен дұға-тілегі қабыл болып, мол сауапқа кенеліп, аман-есен елге орал­сын деп тілейміз.