blog Images

Маңғыстауға жұмыс сапарымен ұстаз Бекзат Азатбекұлы келді

ҚМДБ Діни оңалту бағыты жұмыстарын жүргізу мен  тәжірибе алмасу мақсатында ШҚО Халифа Алтай мешітінің ұстазы,Әль-Азhар университетінің түлегі Бекзат Азатбекұлы  арнайы іс-сапармен Маңғыстау облысына келді.

Бекзат Азатбекұлы  іс-сапар барысында мешіттердегі Діни оңалту бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысып,жамағатқа уағыз айтып,жат ағымнан сақтану бойынша үгіт-насихаттарын жүргізді.

Айта кетсек ,үш күндік сапар аясында Бекзат Азатбекұлы облыстық орталық «Бекет ата» мешіті ,Ақтау қалалық «Бекет ата» мешіті, және «Ержан Хазрет» мешітінің жамағатымен кездесіп,«Иман,Ислам,Ихсан»,»Мазhаб  ұстанудың маңыздылығы», «Жүректі таза ұстау» тақырыбында насихат айтты.Жамағаттың көкейінде жүрген сұрақтарға  тұщымды жауап берді.Сонымен қатар,өңірдегі түзету мекемелерінде жазасын өтеушілермен және дееструктивті діни ағым өкілдерімен арнайы кездесу өткізді.

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі