Маңғыстау облысындағы бірқатар кәсіпорындар тексерілді
ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-нің маманы Меруерт Саттарқызы Маңғыстау облысына іс-сапармен келіп, жергілікті сертификаттаудан өткен кәсіпорындарда тексеріс жұмыстарын жүргізді.
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы облыстық орталық «Бекет ата» мешітіне келген Меруерт Саттарқызымен кездесіп, өңіріміздегі «ҚМДБ халал» сертификат алған өндіріс орындары туралы әңгімелесті.