blog Images

XII Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті

Маңғыстау облысында Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлының 140 жылдығына арналған XII Республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан облыс бойынша іріктеу сайысы өтті.

Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу бойынша 4 номинациядан ұйымдастырылды. Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат  ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы» мешітінде өткен тартысты додаға 20-дан астам үміткер қатысып, өзара бақ сынасты.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің» -деп өсиет қалдырған.

10 пара бойынша:1-орын Ығылман Тобанияз

20 пара бойынша:1-орын Мыңжасов Арыстан

30 пара бойынша :1-орын Мырзатай Рақымжан

Мәнерлеп оқу бойынша :1-орын Қуаныш Сайдолла

Әр номинация бойынша жүлделі 1 орынды иеленген 4 жеңімпаз XII Республикалық Құран жарысына жолдама алды. Жүлделі орын алған жерлестерімізді жемісті жеңістерімен құттықтап,алдағы Республикалық  сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!

 Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі