blog Images

Маңғыстау облысы өкілдігі 600 баланы мектепке дайындады

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық » қорының  Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Мектепке жол » қайырымдылық акциясы биыл да жалғасын тапты.

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Ануар Ізімбайұлының ұйымдастыруымен  облысқа қарасты мешіттердің жұмыла бірігуімен және демеуші жандардың қолдауы арқасында «Мектепке жол » акциясы биылғы жылы облыс бойынша 600 мұқтаж отбасыны қамтыды.Шара барысында 600 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар табысталды.Акция аз қамтылған,көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына қажетті көмек көрсету мақсатында өткізілді.Сондай-ақ, облыстың бас имамы мұндай игі істердің алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.