Маңғыстау облыстық орталық мешітінде Құрбан айт мерекесі атап өтілді
Құрбан айт мерекесіне орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ауқымды мерекелік шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, Түркия Республикасының Ақтаудағы бас консулы Альптекин Сабри, Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Ғоламреза Хашеми, Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Эльчин Башир, Қажылар қауымдастығының Маңғыстау филиалының төрағасы Қуанышбек қажы Спанұлы, тарихшы, өңіріміздің абыз ақсақалы Алқажан Еділхантегі қатысып, ізгі тілектер айтып, көпшіліктің қуанышына ортақтасты.
Жамағат арасында қазақша күрес, гір көтеру, сынды ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өтіп, жеңімпаздар мен жүлделі орын иегерлеріне қаржылай сый-сияпат берілді.