Маңғыстау облыстық орталық мешітінде Мәуліт жыры оқылды
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәуліт айының құрметіне мәуліт жыры оқылып, салауаттар айтылды.
Игі шараға мешіт имамдары және мешіт ақсақалдары мен қатар, мешіт жамағаттары да қатысты..Рухани шара барысында облыстың бас имамы жиналған жұртшылыққа қасиетті Мәуліт айы туралы түсінік берді.
«Мәуліт – пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) дүние есігін ашып, қараңғы әлемге қуаныш нұрын ала келген күн. Пайғамбарымыз Мекке мен Мәдинаға келгенде қалалықтар Оны (с.ғ.с.) «Толықсыған ай туды» деп қуанысып, жолын сарыла күтіп қарсы алған болса, Пайғамбарымыздың туылған күнін біз де Оның (с.ғ.с.) тамаша қасиеттерін, көркем мінезін еске ала отырып, атап өтуіміз жөн»-деді облыстың бас имамы.Айтулы мерекеге жиналғандарға екі қазақ үй тігіліп,жиналған жамағатқа арнайы дастархан жайылып, ас берілді.Жиын соңында мұсылман қауым бір-бірін құттықтап, аман-саулық тілесіп тарқасты.
Маңғыстау облыстық орталық«Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі