Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінде «Пәтуа сағаты» өтті
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата «мешітінің ұстазы Марат Жарылқапұлы мешіт жамағатына «Пәтуа сағатын» өткізді.
Аптасына жұма намаздан кейін өткізілетін дәрістің басты мақсаты – көпшілікке дұрыс діни ақпарат беру, жат ағымның алдын алу.
Дәріс барысында мешіт жамағаттары өздерін толғандырған шариғи мәселелер мен тағат-ғибадат, сенім, таным мәселелері бойынша ҚМДБ пәтуалары негізінде жауап ала алды.Жиналған жамағатқа пәтуаларды жеткізіп,сұрақтарға жауап берді.