Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінде 250 балаға сөмке берілді
ҚМДБ төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен «Зекет және қайырымдылық » қоры Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Бекет ата» мешітінде «Білімді ұрпақ-ел келешегі» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Қайырымдылық шарасы барысында 250 балаға мектепке қажетті сөмкелер табысталды.Қайырымдылық шарасына қатысқан облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы ата-аналар мен балаларды алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, оқуда озат, еңбекте табысты болуын тілеп,бүлдіршіндерге ізгі ниетін білдіре келе ,бұл шараның білімге жасалып отырған қолдау екенін атап өтті .Сондай-ақ, облыстың бас имамы мұндай игі істердің алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.
Айта кетейік, облысқа қарасты мешіттердің жұмыла бірігуімен және демеуші жандардың қолдауы арқасында «Мектепке жол » акциясы биылғы жылы облыс бойынша 1000 мұқтаж отбасыны қамтыды.
Қайырымдылық акциясына атсалысқан барша жандарға,қолдау білдірген кәсіпкер азаматтарға Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің атынан зор алғыс айтамыз!Алла Тағала сауапты істеріңізді қабыл етсін!