blog Images

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешіті:100 балаға оқу құралдары берілді

ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық » қоры Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі облыстық «Бекет ата» мешітінің ауласында «ерекше» 100 балаға мектепке қажетті құрал- жабдықтар сыйланды.Іс-шара барысында   бас имам «ерекше» 100 балаға  мектеп сөмкесі мен оқу құралдарын  табыстады.

«Біздің болашағымыздың кепілі – білімді ұрпақ. Ал баланың жастайынан білімді, алғыр болуы үшін ата-анасы мен ұстазының тәлімінен бөлек, материалдық жағдайының да жақсы болғаны маңызды. «Болашақта ел басқаратын ,халықтың қалаулысы болатын азаматтардың қатарынан болатынына бек сенемін» -,деп бүлдіршіндерге ізгі ниетін білдіре келе ,бұл шараның білімге жасалып отырған қолдау екенін атап өтті  облыстың бас имамы .Биылда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында облыс бойынша 600-ге  жуық көпбалалы және жағдайы төмен отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына көмек берілді. Оқуға қажетті барлық құрал-жабдықтар сатып алынды.