blog Images

МАҢҒЫСТАУ МЕШІТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Бүгін ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» Республикалық  қайырымдылық марафоны өтті.Осы орайда,Маңғыстау облысы өкілдігіне қарасты қала,аудан ауыл мешіттері де үлес қосты.

Рамазан айында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесу – үлкен сауапты іс. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады…» – деген.

Қасиетті Рамазан айында мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған игі шара барысында  облыс көлемінде 700 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.

Діни басқарманың 35 жылдығына және Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық марафонында еліміз бойынша 3500 отбасына қажетті азық-түлік себеттері таратылды. Айта кетейік, бір мезетте еліміз бойынша мешіт имамдары, «Зекет және қайырымдылық» қорының қызметкерлері мен еріктілері, дін жанашырлары, демеуші азаматтар атсалысты.