blog Images

МАҢҒЫСТАУ ИМАМДАРЫНЫҢ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

Маңғыстау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Мұнайлы аудандық «Әбу молда» мешітінде Маңғыстау облысының имамдарының жарты жылдық есебі тыңдалды.

Облыс наиб имамдары мен қала, аудан имамдары қатысқан алқалы жиында ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу-ағарту, уағыз-насихат, діни мерекелер мен қайырымдылық іс-шаралар, насихат және қоғаммен байланыс, діни білім және кадр дайындау, бесін, ақшам намаздарындағы уағыздардың айтылуы және теріс ағыммен күрес бағыттары, аймақтардағы мешіттердің жағдайы бойынша тапсырмалар беріліп, бағытқа басымдық берілетіндігі айтылды.

Жиналыс барысында айтылған шаралар есебіне қатысты облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жарты  жылдық есеп тапсырған аудан, қала мешіттерінің жұмыстарына оң баға беріп, имамдардың еңбегіне сәттілік тіледі. Кейбір мешіт жұмыстарындағы кемшіліктер жайлы ескертіліп, алдағы жарты жылғы жоспарға енгізу туралы айтылды.

Сондай-ақ,ҚМДБ-ның дәстүрлі «Имани жаз» сауат ашу курстарын мешіттерде ары қарай жалғастыру жайлы тапсырмалар берілді.