blog Images

Маңғыстау имамдарының кезекті жиналысы өтті

Маңғыстауда XII Республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан өтетін байқау жұмыс тобының жиналысы өтті.

Жақында ғана, облысымызда XII Республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан өтетін байқау үміткерлері арасында іріктеу сайысы өткен болатын.Кеңесіп пішкен тонның келте болмайтынын ескерсек,бұл жиналыстың айтары мол.Облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Мансұров Батыржан Берденұлы,ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Бекжігітов Жәнділла Мамытханұлының қатысуымен өткен жиналыста Құран жарысының өткізілу тәртібі айтылып , жұмыс жоспары құрылып,тиісті тапсырмалар берілді.Айта кетсек ,XII Республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан өтетін байқау Маңғыстау облысы Ақтау қаласында өткелі отыр.Атаулы шара қыркүйек айының 30-ы мен 1-қазан күндері аралығында жоспарланып отыр.Жарыста 100-ге жуық қарилар өзара сайысып,елімізге танымал қарилар қазылық ететін болады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) мұсылман үмметіне «өзара жақсылықта жарысуларын» құп деп біліп үнемі жақсылықта жарысуларына жол көрсетіп бұйырып отырған. Бұл жарыстың да негізгі мақсаты жас шәкірттерді жігерлендіре отырып Құранға, исламға деген ұмтылыстарын шыңдай түсу керек-ақ.

 

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі