blog Images

Маңғыстау имамдарының білімін жетілдіруге арналған семинар өтті

Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің ұйымдастыруымен “Білімді имам-қоғам айнасы” атты имамдардың білімі мен біліктілігін арттыруға арналған “Ислам тарихы:Әділетті халифалар” пәнінен семинар өткізілді.

Танымдық шараға Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қарасты мешіттердің имамдары мен ұстаздары қатысты. Семинарды   Маңғыстауға арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы және ҚМДБ  Уақып қорының төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы өткізді.

Семинар аясында  Смайыл Сүйерқұлұлы Ислам тарихы:Әділетті халифалар” кезеңінен дәріс оқыса,Ардақ Нүсіпханұлы  “Уақып-Алланың мүлкі” тақырыбында имамдарға  арнайы дәріс оқыды.



                                                                                                                   Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің

                        баспасөз    қызметі