blog Images

Мәшһүр-Жүсіптің тағылымды мұрасы табысталды

Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында Алаш жұртының әйгілі перзенті, ғұлама ғалым, ақын, фольклоршы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 5 томдық жинағының өңіріміздегі 5 мектеп, 5 мешіт, 5 кітапхана және 2 оқу орнына табысталу рәсімі өтті.

«Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі мұрындық болған шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы бастаған дін қызметкерлері қатысып, құлшылық үйлеріне арналған кітаптарды ерекше ықыласпен қабыл алды.