blog Images

ҚҰРБАН АЙТ 2025:ҚҰРБАН ШАЛАТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ

 Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы мен ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қорының Маңғыстау облысы бойынша жауапты өкілі Іздібай Бегенұлы  “Korkem Alem”ет комбинатына  арнайы барып,Құрбан айтқа дайындық жұмыстарын пысықтады.

Құрбан айт күндері мұсылманның атқаратын ең жақсы ісі –құрбан шалу. Мереке қарсаңында ет комбинатындағы мал резерві,құрбан шалынатын орынның санитарлық талапқа сай болуы,мал тасымалдау көліктерінің дайындығы,тазалығы мен дайындығы бақылаудан өткізіліп,”KORKEM ALEM”ет комбинаты ,құрбан шалу орны толықтай Құрбан айт мерекесіне дайын.

Айта кетейік, биыл елімізде құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта атқарылды. Шалған құрбандық, ізгі ниет қабыл болсын!