blog Images

ҚМДБ құжаттары насихатталды

Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық«Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы» мешітінде ҚМДБ-ның «Ас беру мәдениеті»,»Зират және зиярат мәдениеті» құжаты аясында мешіт имамдары мен ақсақалдарымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Жаңаөзен қаласының имамдарына аталған құжаттарды таныстырып өтті.Шара барысында зират көтеруде ескеретін жайттар мен шариғи үкімдері секілді маңызды мәселелер баяндалды.Ас беру іс-шараларына сақталу керек тәртіп-талаптар тілге тиек етіліп,  өз кезегінде мешіт ақсакалдарының  пікірі тыңдалды.  ҚМДБ дан шыққан пәтуаларды, аталған құжаттарды әрмен қарай ел ішіне , жамағатқа насихаттауда ақсақалдарымыздың  қосар үлесі зор.Облыстың бас имамы алдағы уақытта осындай рухани басқосуларды ұйымдастыруға,аталған құжаттарды жамағатқа кеңінен насихаттау бағытында бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдардың республикалық ІV форумында қабірлерді тұрғызудың және оны зиярат етудің халыққа ортақ әдебін қалыптастыру мақсатында «Зират және зиярат мәдениеті» құжатын қабылдаған болатын.

 

 

АС_БЕРУ_МӘДЕНИЕТІ_2

Зират_пен_Зиярат_мәдениеті_30.11_l7bRwAE