«Келімберді ахун»мешітінде «Мектепке жол»акциясы өтті
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Мұнайлы ауданы, Батыр ауылдық «Келімберді ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінде «Мектепке жол» акциясы өтті.
Акция аясында 100 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар табыс етілді.
Шара барысында мешіттің бас имамы Амидулла Абдуллаұлы оқушыларға сәттілік тілеп, игі істің жас ұрпақтың білім жолындағы қадамына демеу болатынын атап өтті.


