blog Images

“Келімберді ахун” мешітінде “Уақып” тақырыбында семинар өткізілді

“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Батыр ауылдық “Келімберді ахун” мешітінде ҚМДБ Уақып қорының Маңғыстау облысы бойынша жауапты маманы  Ғабит Әбдіғаппарұлы “Қайырымдылық садақаның төресі уақып жасау” атты тақырыпта семинар өткізді.

Уақып амалының негізгі мақсаты – Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосу. Әрбір мұсылман өз мүмкіндігіне қарай демеу көрсетіп, қолда бар нығметтерді сауапты іске жұмсауға мүмкіндігі мол екендігін,уақыпқа жұмсаған қаржыңыз қияметке дейін айналымда болып, сауабы сарқылмай иесіне барып тұратындығын айтып,барша мұсылман қауымды сауапты амал жасауға шақырды.