Келімберді ахун мешіті “Рамазанда бір тал ек” акциясына үн қосты
“Ислам және отбасы құндылығы” жылы қасиетті Рамазан айында Батыр ауылдық “Келімберді ахун” мешітінің қызметкерлері мен жамағаты бірлесе отыра, ҚМДБ-ның «Рамазанда бір тал ек» атты қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мақсатындағы бастамасына орай құлшылық үйінің ауласына 50 түп ағаш отырғызды.
«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу – маңызды істердің бірі. Дін мамандары мен мешіт жамағаты бірлесіп атқарған бұл шарасы көпке үлгі болары анық. Көктем келіп дала әсемдене түскенде оған өз үлесіңізді сіз де қосыңыз.


