“Келімберді ахун” мешіті 23 отбасыға қайырымдылық көмек берді
Мұнайлы ауданы Батыр ауылдық “Келімберді ахун” мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы барысында 23 отбасыға азық түлік себеттері таратылды.Көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.

