blog Images

«Ізгілік жаршысы Мухаммед ” атты Мәуліт мерекесі атап өтілді

ҚМДБ Маңғыстау облысы өкілдігі, Әйел-қыздар секторы, Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата » мешітінің ұйымдастыруымен » Ізгілік жаршысы Мухаммед ” атты мәуліт мерекесі атап өтілді.

Жиынға 200 ге жуық ақ жаулықты әжелер мен апалар, қыз — келіншектер қатысты . Жиын Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) арнайы бағыштап оқылған Құран хатым дұғасы мен басталып , ары қарай Мәуліт жырына жалғасты. Жиынға арнайы Маңғыстау облысының бас имамы Елжанов Ануар Ізімбайұлы келіп көпшілік ті мерекемен құттықтап, Әйел адамның діндегі рөлімен отбасы мәселелеріне тоқталды. Қойылым қойылып,күй тартылды, Пайғамбар жайлы жырлар жырланды. Маңғыстау облысы бойынша әйел қыздар сектор жетекшісі Қоңыратбайқызы Ұлдаулет ұстаз бастаған Маңғыстау облысының әйел-қыздар ұстаздары көпшілікке уағыз -насихат айтты. Ойындарға қатысқандарға сыйлықтар берілді. ҚҰРАН Курсына қатысып, нәтижеге жеткен шәкірттерге арнайы мадақтамалармен Қасиетті Құран сыйлыққа берілді. Кеш соңында Салауат жарысының сонымен қатар Орталық Бекет ата Мешітінде өткен Адамзаттың асыл тәжі кітабынан өткен тест, Хадис сабағынан өткен сынақтардың да нәтижелері жарияланып жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында қалалық Бекет ата мешітінің жанынан салынып жатқан Жания ана қыздар Медресесінің құрылысына 500 мың теңге қаржылай көмек, сонымен қатар 6 ұстазға 50 мың теңгеден сыйақы берілді.