«Ізгілік жаршысы-Әз Мұхаммед»атты Мәуліт кеші өтті
Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінің бастамасымен Абыл мәдениет ұжымымен бірлесе отырып «Ізгілік жаршысы-Әз Мұхаммед» атты мәуліт кеші өтті.
Шараға облыстың бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы және Рант мүшесі Қадырқұл ұлы Юнус ұстаз қатысты. Жиналған жамағат пайғамбарға салауаттар жолдады.Тағылымы мол жиыннан рухани нәр алған жамағатқа сұрақтар қойылып,жауап берген жандарға арнайы сыйлықтар үлестірілді.Осы ұлық мерекеге орай «Ыбырайым ахун » мешітінің асханасында арнайы ақ дастархан жайылып, Қадырқұл ұлы Юнус Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмір жолы жайлы уағыз-насихат айтты.Кеш соңында облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жиналған жамағатты мәуліт айымен құттықтап, насихатын жеткізді. Сондай-ақ, мәуліт мерекесін тойлаудың артықшылығы мен Пайғамбарды сүюдің, оның хақ жолымен жүрудің маңызына тоқталды.