«Ізгі қоғам өзіңді өзгертуден басталады»атты семинар өтті
ҚМДБ Ғұламалар кеңесі және РАНТ мүшесі,коуч Арман Қуанышбаев Ақтау қаласындағы іс-сапар барысында Жаңаөзен қалалық «Әбіш қожа» мешітінде зиялы қауым өкілдерімен «Ізгі қоғам өзіңді өзгертуден басталады»тақырыбында кездесу өткізді.
«Ізгі қоғам – өзіңді өзгертуден басталады» атты жиын ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ұйымдастырылып отыр.
Кездесуде ізгі қоғам қалыптастыруда діни сала мамандарының жұмысы баса назарда екендігін айтылып, рухани саланың заман ағымына сай көшпен бірге жаңарып, қарқынды қызмет атқарылуы қажеттігі сөз болды.