«Ислам және отбасы» тақырыбында семинар өткізілді
Облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде қыз- келіншектерге арналған «Ислам және отбасы» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға Маңғыстау облысы әйелдер ісі жөніндегі комиссия хатшысы Светлана Базарбайқызы, Маңғыстау облысы дін істері басқармасының бас маманы Бақытгүл Мақсатқызы, «Бекет ата» мешітің наиб имамы Серікбайұлы Байкенже, ҚМДБның Маңғыстау облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы және ақ жаулықты аналарымызбен қыз-келіншектер қатысты.
Семинарды имам Серікбайұлы Байкенже «Исламдағы ер адамның және әйел адамның рөлі» тақырыбындағы уағыз -насихатымен бастады. Светлана Базарбайқызы кәзіргі таңдағы тұрмыстық зорлық -зомбылық тың алдын алуға байланысты атқарылып жатқан шараларды атап өтіп, Зорлық- зомбылықтың зардаптарына да тоқталды. Бақытгүл Мақсатқызы өз кезегінде әрбір әйелдерді осы мәселелерді шешуге жауапты екенімізді айта өтіп, жұптық ойын ойнатты. Ары қарай жиналғандар «Ыстық ұя» және «Бақытты жанұя» топтарына бөлініп, тұрмыстық зорлық зомбылық тың зардабы мен шешу жолдарына байланысты өз пікірлерімен бөлісіп өзара пікір алмасты. Семинар соңында Ұлдаулет Қоңыратбайқызы отбасы құндылықтарына тоқталып, ата- енемен тұрудың маңыздылығы мен отбасын сақтау қалудың жолдарына тоқталып көпшілікті дана әйел болуға шақырып, келген қонақтарға ризашылығын білдіріп сый сияпатын табыс етті. Жиын соңында Жамағатқа Неке тұратындарға жаднама кітапшасы таратылды.
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі