«Ислам және ізгі қоғам»: Оқушылар арасында шығарма байқауы өтті
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат ауылдық “ Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы” мешітінің ұйымдастыруымен “ Ислам және ізгі қоғам” жылы аясында Рахат ауылы мектеп оқушылары арасында “ Әке арманы” тақырыбында шығарма байқауы өтіп, байқауға 5 мектеп оқушылары қатысты.
Үздік шығарма иелеріне, олар I– орын N9 ЖББМ 8 “Ғ” сынып оқушысы Жолдыбай Гүлназ, ll-орын N15 ЖББМ 10 “ В” сынып оқушысы Шавбай Ұлболсын, lll-орын N15ЖББМ 10 “А” сынып оқушысы Рахметбай Толғанай “Кендірлі ауылдық мәдениет үйінде” өткен марапаттау рәсімінде бағалы сыйлықтар табысталды. Мараппаттау кешінде “ Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы” мешітінің бас имамы Оразбай Түркменбайұлы “ Ата – ана қадірі” туралы уағыз – насихат айтып, жүлдегер оқушылар шығармаларын оқып берді.