blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті: «Имани жаз-2023» сауат ашу курсы аяқталды

Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешітінде өтіп жатқан «Имани жаз-2023» сауат ашу курсының қыз шәкірттер бөлімінің 2-ші легі дәрістерін тәмәмдады.

Арнайы ұйымдастырылған шара барысында шәкірттер ұстаздарының көмегімен Құран әріптерінен тәж киіп, әр әріпке қатысты тақпақ айтты. Сондай-ақ, «Алланың 99 көркем есімі», «Мұсылманның 40 парызы», «Құран және тәжуид», «Әдеп», «Сира» пәндерінен және «Қазақ халқының салт-дәстүрі» сабағы бойынша дәрістерден алған білімдерін көпшілік алдында паш етті.

Өз кезегінде «Ержан Хазірет» мешітінің наиб имамы Ғабит Әбдіғаппарұлы құлшылық үйінің атынан шәкірттерге алғыс хаттар табыстап, оларға өнегелі өмір тіледі.