Имамдарға «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті»атты семинар өткізілді
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата «мешітінде имамдарға арналған «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті»атты семинар өткізілді.
Жиынға облысқа қарасты мешіт имамдары қатысты.Семинарды Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Жұмырбаев Жұмабай жүргізіп,уағыз айтудағы жауапкершілік, уағыз айту барысында көркем сөйлеу мен дәйекті сөздермен жеткізу жайлы және тағы басқа да мәселелерде жамағатқа ислам құндылықтарын жеткізудегі әдістемеге тоқталды.