ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР БАСТАЛДЫ
ҚМДБ Маңғыстау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Діни оқу-ағарту бағытының жылдық жоспарына сәйкес өңір имамдарының біліктілігін арттыруға арналған бір айлық семинар басталды.
Танымдық семинар Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде өтеді.Қала,аудан,ауыл дін қызметкелеріне арналған Фиқх,Ақида,Тәжуид,Құран ережелері бойынша біліктілікті арттыруға бағытталған бір айлық семинарды Мұнайлы ауданы “Ар-Рахман” мешітінің ұстазы Мұратқали Нұржауұлы жүргізетін болады.Сондай-ақ,дін қызметкерлерінің заман талабына сай жұмыс жасауы,діни мәселелерді үйлестіруді шебер меңгерген білімді, білікті, үлгілі, діни ағартушы маман болуы турасында ақпараттар берілді.





