blog Images

ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Діни оқу-ағарту бағытының жылдық жоспарына сәйкес өңір имамдарының біліктілігін арттыруға арналған “Уағыз айтудың әдебі” тақырыбында семинар өтті.

Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданына қарасты мешіт имамдары мен ұстаздарына арналған танымдық шарада ҚМДБ Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі   Темірлан Дарханұлы уағыз айтудағы жауапкершілік, уағыз айту барысында көркем сөйлеу мен дәйекті сөздермен жеткізу жайлы және әдептілік мінез-құлық қағидалары жөнінде кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы «Зекет және қайырымдылық» қорының атқарып жатқан іс-шаралары, жаңаша бастамалары және 2025 жылға арналған жаңа жұмыс жоспарлары жайлы баяндады.