blog Images

«Ихсан ілімі» тақырыбында семинар өтті

Маңғыстау облысында «Ихсан тілде емес-ділде,Сөзде емес -іс-әрекетте» атты өңіріміздің имамдарына арналған семинар ұйымдастырылды.

Танымдық шара аясында ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Мансұров Батыржан Берденұлы,ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі Бекжігітов Жәнділла Мамытханұлы,Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы бастаған Ақтау,Жаңаөзен қалалары,Бейнеу,Қарақия,Маңғыстау,Мұнайлы,Түпқараған аудандарына қарасты мешіттердің имамдары мен ұстаздарына дәріс оқыды.Семинар барысында Батыржан Берденұлы Ихсан ілімінің мәні мен мазмұнын түсіндіріп,мұсылман адамның жеке өмірі мен жалпы қоғамдағы маңыздылығы туралы уағыз-насихат айтты.