Шәмшат Әділбаева әйел жамағатына семинар өткізді
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Нұр-Мүбарак» ЕИМУ ұстазы, PhD доктор,профессор Шәмшат Әділбаева Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде әйелдерге семинар өткізді.
«Жәннаттық әйел» тақырыбында уағыз айтқан Шәмшат Әділбаева әйелдер жамағатына әйел адамның дініміздегі орны мен отбасылық өмірдегі маңызын түсіндіріп,салиқалы әйелдің мәртебесі – осы дүниеде де, ақыретте де үлкен нығмет екендігін айтып өтті.Бірнеше діни кітаптардың авторы Шәмшат Әділбаеваның шешендігі мен терең білімі тоғыса келіп, кездесу көрігін қыздыра түсті. Сөз басын мұсылман әйелдің келбеті тақырыбында бастаған ұстаз уағызы жәннаттық болатын төрт әйел турасында жалғасты.
Аталған басқосу соңында қатысушылар тарапынан сауалдар қойылды, спикер тарапынан тұшымды жауаптар берілді.