blog Images

«GALI_ET» ет дүкені «Халал» сертификатына ие болды

Маңғыстау облысы Ақтау қаласында орналасқан  «GALI_ET» ет дүкеніне «ҚМДБ халал» сертификаты берілді.

Аталмыш ет дүкенінің халал стандарттарына сай қызмет ету ниетіне байланысты және арнайы тексерістерден кейін, Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жұма қарсаңында мекеме басшылығына «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша арнайы құжатты табыс етті.

Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 27 ш/а Байтерек сауда орталығы жанында орналасқан «GALI_ET» ет дүкені