blog Images

«Ержан Хазрет» мешітінде сенбілік өтті

Ақтау қалалық «Ержан Хазрет» мешітінде 16 қыркүйек “Бүкіл әлемдік тазалық күні” аясында СЕНБІЛІК өткізілді. Тазалық акциясына мешіт қызметкерлері мен жамағаты қатысты.

Дініміз ислам тазалыққа өте қатты көңіл бөліп, оның маңыздылығын жан-жақты түсіндіреді. Ерікті, еріксіз құлшылықтардың барлығы тазалықтан басталады. «Тазалық – иманнан» деген xадисті ескере отырып, сенбілік тазалыққа  мешіт қызметкерлері мен мешіт жамағаты ат салысты.