«Ержан Хазрет» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті
Ақтау қалалық “Ержан Хазрет” мешітінде “Жүрек жылуы” атты қайырымдылық іс- шарасы өтті.Игі іс-шара барысында жалғыз басты аналар, ерекше бала бағып отырған аналар, әлеуметтік аз қамтылған 15 отбасыға арнайы азық-түлік салынған қораптар,ет таратылды.
Қайырымдылық – сауабы мол амалдың бірі. Алла Тағала «Әли-Ғимран» сүресінде:
«Жақсы көрген нәрселеріңді, (мысалы дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар», – деп баяндаған.
Шара соңында көмек алған отбасылар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.