«Ержан Хазрет» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті
Маңғыстау облысының Жастар секторы өкілдігі мен “Ержан Хазрет” мешіті “Жүрек жылуы” атты қайырымдылық іс- шарасын өткізді. Игі іс-шара барысында жалғыз басты аналар, ерекше бала бағып отырған аналар, әлеуметтік аз қамтылған 15 отбасыға арнайы азық-түлік салынған қораптар таратылды.
Қайырымдылық – сауабы мол амалдың бірі. Алла Тағала «Әли-Ғимран» сүресінде:
«Жақсы көрген нәрселеріңді, (мысалы дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар», – деп баяндаған.
Шара соңында көмек алған отбасылар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.