blog Images

«Ержан Хазрет» мешіті: “Садақ атудан ”спорттық шара өтті

Дін мен дәстүрді ұштастыра білу мақсатында «Ержан Хазрет»мешітінің  жастары мен  ұстаздары арасында “Садақ ату” қазақилық әрі мұсылмандық міндетіміз атты спорттық шара өтті.

Қазіргі таңда елімізде дәстүрлі  садақ  ату  спорты  әсіресе, жастар  арасында  қарыштап  дамып  келеді.Садақ ату  спорты  жастарды  шымырлық пен  мергендікке  баулыйды. Өз  елі мен  Отанын  сүюге, тәуелсіздіктің  қадірін  түсіну арқылы нағыз  патриот  болуға  бастайтын  бұл   шара кемелді  келешек  иелері  арасында аса қызықты  әрі тартысты  өтті. Жалпы шараға 15 адам қатысты.