blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті:»Отбасындағы әкенің жауапкершілігі» атты семинар өтті

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Ақтау қалалық«Ержан Хазірет» мешітінің ұйымдастыруымен «Отбасындағы әкенің жауапкершілігі» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарды РАНТ мүшесі,Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы  Юнус Асга Қадырқұлұлы жүргізіп,дінімізде де, халық дәстүрінде де шаңырақтың тірегі, отбасының асыраушысы, үйдің берекесі деп танылған әкенің орны қашан да үлкен екендігін,және исламдағы отбасы құндылықтары жайлы насихат айтты.

Семинар соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, өз ойларымен бөлісті.