blog Images

«Ержан Хазірет» мешітінің наиб имамы жазасын өтеуші азаматпен кездесті

«Ислам және дәстүр құндылығы »жылы аясында Ақтау қаласы «Ержан Хазірет» мешітің наиб имамы Үсенов Ғабит ҚАЖД қарасты №77 мекемесінде оқшауланған аймақта жазасын өтеуші 2019 жылы Сириядан «Жусан» операциясымен Қазақстанға келген,Тероризм бабымен 12 жылға сотталған азаматпен жеке кездесу өткізді.

Наиб имам №77 мекемесінде оқшауланған аймақта жазасын өтеуші   сотталған азаматпен діни оңалту бағытында  сұқбат жүргізіп,жат ағымның қоғамға тигізер зияны жайлы айтып,қойылған сұрақтарға шариғат шеңберінде жауап берді.