«Ержан Хазірет» мешітінің наиб имамы түзету мекемесінде болды
«Ислам және дәстүр құндылығы »жылы аясында Ақтау қаласы «Ержан Хазірет» мешітің наиб имамы Үсенов Ғабит ҚАЖД қарасты №77 мекемесінде оқшауланған аймақта жазасын өтеуші 2019 жылы Сириядан «Жусан» операциясымен Қазақстанға келген,Тероризм бабымен 12 жылға сотталған азаматпен жеке кездесу өткізді.
Наиб имам №77 мекемесінде оқшауланған аймақта жазасын өтеуші сотталған азаматпен діни оңалту бағытында сұқбат жүргізіп,жат ағымның қоғамға тигізер зияны жайлы айтып,қойылған сұрақтарға шариғат шеңберінде жауап берді.
Сондай-ақ,ҚАЖД қарасты №77 мекемесінде оқшауланған аймақта жазасын өтеуші азаматтармен топтық кездесу өткізді.“Адасқанның айыбы жоқ, үйірін тауып қайта қосылса” атты тақырыпта үгіт -насихат жұмыстарын жүргізді. Жазасын өтеуші азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға шариғат шеңберінде жауап берді.