blog Images

«Ержан Хазірет» мешітінде «Бала тәрбиесі — бір өнер» атты семинар өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Ақтау қалалық «Ержан Хазірет» мешітінің іс-шаралар жоспарына сәйкес «Бала тәрбиесі — бір өнер» тақырыбында семинар өткізілді.

Тәрбиелік семинарды РАНТ мүшесі,Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы исламдағы бала тәрбиесі жайлы,бала тәрбиесі ата-ана үшін ең маңызды міндет екені түсіндірді.Бала тәрбиесі ешқашан салғырт қарауды көтермейтін, аса бір күрделі де маңызды іс. Адамды адамдық қалыпқа келтіретін де, аздырып, тоздыратын да тәрбие жұмысы. Балаға жас кезінде әсер ететін құбылыстар әр түрлі болғанмен оларды тәрбиелеуші әрине ата-ана. Семинар соңы қатысушылардың такырыпқа байланысты сұрақтарымен қорытындыланып,Юнус Қадырқұлұлы сұрақтарға шариғат шеңберінде жауап берді.