«Ержан Хазірет» мешіті:»Дархан дала» жобасымен киелі орындарға зиярат жасалды
ҚМДБ тарапынан жүзеге асып жатқан «Darhan Dala»отандық рухани туризм жобасы аясында Ақтау қалалық «Ержан Хазірет» мешітінің дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты «Бекет ата» жер асты мешіті,»Шопан ата» жер асты мешітіне зиярат етіп,ата-бабаларымыздың рухына Құран аяттарын бағыштады.
Маңғыстау өңіріндегі киелі орындарды насихаттау мақсатында өткен рухани сапар барысында мешіт имамдары жамағатқа «Шопан ата» жерасты мешітіне апарып, Қожа Ахмет Иасауидің шәкірті болған бабамыздың өмірінен сыр шертті.Әрімен қарай,жамағат облысымыздың ең жарқын символы болып табылатын Бозжыра шатқалын тамашалап, табиғат аясында рухани сұхбат өрбітті.