blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті:»Бір айда бір кітап» жобасы жүзеге асты

«Ислам және дәстүр құндылығы»жылы аясында Ақтау қалалық«Ержан хазірет» мешітінің 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сай шәкірттер мен мешіт жамағаттары арасында білім сайысы ұйымдастырылды

Сайыс«Бір айда — бір кітап» жоспарына сәйкес  ҚМДБ РАНТ мүшесі Руслан Қамбардың «Үйленбей тұрып үйрен» кітабы таныстырылып, талқыланды. Оқылған кітап бойынша білім сайысы өткізіліп,жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, ҚМДБ-ның бастамасымен  ай сайын «Бір айда бір кітап» жобасын ұйымдастыру алға қойылған  болатын. Осы мақсатта жүзеге асқан рухани шара алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.