

«Ержан Хазірет» мешіті:50 студентке ауызашар дастарханы жайылды
Алланың қалауымен қасиетті Рамазан айында сауапқа толы игі істер жалғасуда.Ақтау қалалық Ержан хазірет мешіті мен Ифтар мейрамханасы бірлесе отырып, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің 50 студентіне арнап арнайы ауызашар дастарханын жайды.
Бұл кеш тек дастарқан басындағы тағаммен ғана емес, жүректерге иман нұрын себетін рухани әсерімен де ерекше болды. Шәкірттер қасиетті айдың берекесі мен бірлігін сезініп, дұғада Алладан білім мен тақуалық сұрады.
Осындай игі шараларды ұйымдастыруға атсалысқан барша жандарға Алла разы болсын! Қасиетті Рамазан айында жасаған әрбір қайырлы амалымыз еселеніп жазылғай!