blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті: Құрбан айтқа орай жарыс ұйымдастырылды

Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешітінде өтіп жатқан «Имани жаз-2023» сауат ашу курсының қыз шәкірттері арасында Құрбан айт мерекесіне орай білім жарысы өтті.

Шәкірттердің білімдерін білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау мақсатында жүзеге асқан шараға 30-ға жуық қыз бала қатысты. Белсенділік танытып, көзге түскен қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Бұдан бөлек, құлшылық үйінің ұстаздары Құрбан айттың мерекелік көңіл-күйін сезіндіріп, рухани тәрбиеге баулу мақсатында шәкірттерге тәттілер салынған базарлық қорапшаларын үлестіріп берді.