blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті: «Имани жаз-2023» сауат ашу курсы аяқталды

Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешітінде өтіп жатқан «Имани жаз-2023» сауат ашу курсының қыз шәкірттер бөлімі дәрістерін тәмәмдады.

Мешіт тарапынан шәкірттерге алғыс хаттар беріліп, арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, биылғы жылы құлшылық үйі ұйымдастырған жазғы сауат ашу курсына 30-ға жуық қыз шәкірт қабылданып, «Алланың 99 көркем есімі», «Мұсылманның 40 парызы», «Құран және тәжуид», «Әдеп», «Сира» пәндерінен және «Қазақ халқының салт-дәстүрі» сабағы бойынша дәрістерге қатысты.