“Ержан Хазірет” мешіті: Азық-түлік дүкендеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді
“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Ақтау қалалық “Ержан Хазірет” мешітінің наиб имамы Ғабит Әбдіғаппарұлы “Рамазан айына дайындық” акциясымен азық-түлік дүкендерінде спирттік өнімдерді сатуға тыйым салу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Азық-түлік дүкендеріне өткен түсіндірме жұмыстарында тек Рамазан айында ғана емес,барлық уақытта спирттік өнімдерді сатуға тыйым салуға және ҚМДБ Халал сертификатын алған,адал әрі халал өнімдерді тұтынуға шақырды.





