blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті 50 отбасыға «Рамазан сыйын» үлестірді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай,Ақтау қалалық «Ержан Хазірет» мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы өткізілді.

Дініміз Исламда мұқтаждарға көмек көрсету аса сауапты амал делінген. Ізгілікке бағытталған  шара барысында аз қамтылған және көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі т.б санаттағы 50  отбасыға азық-түлік таратылды.Қайырымдылық акциясына мешіт имамдары мен қызметкерлері атсалысты.Көмекке ие болған отбасылар өз алғысын білдіріп,жұмыстарына береке тіледі.