blog Images

“Ержан Хазірет” мешіті 100 жазасын өтеуші азаматқа ауызашар берді

Рамазан айының қарсаңында  Ақтау қалалық Ержан хазірет мешітінің ұйымдастыруымен  Маңғыстау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №77 түзету мекемесінде  жазасын өтеуші 100 азаматқа арнайы ауызашар дастарханы жайылды. 

Игі шара қамкөңіл жандарға рухани қолдау көрсету, олардың жүрегіне үміт пен жылулық ұялату мақсатында ұйымдастырылды.Бұл бастама – қоғамдағы әрбір адамға қамқорлық танытып, оларға дұрыс жол сілтеу ниетінен туындаған қайырымды істердің бірі.